БОРЫШТАР ТУРАЛЫ АҢЫЗДАР

Өзіңіздің асығыс шешімдеріңіз бен әрекеттеріңізден зардап шегіп қалмау үшін, бізбен бірге борыш тақырыбы туралы бірнеше танымал аңызды жоққа шығаруды ұсынамыз. Қарапайым хабардар болу сізге жағдайды ушықтырмай, дұрыс басқаруға көмектеседі.

БОРЫШТАР ТУРАЛЫ АҢЫЗДАР

Өзіңіздің асығыс шешімдеріңіз бен әрекеттеріңізден зардап шегіп қалмау үшін, бізбен бірге борыш тақырыбы туралы бірнеше танымал аңызды жоққа шығаруды ұсынамыз. Қарапайым хабардар болу сізге жағдайды ушықтырмай, дұрыс басқаруға көмектеседі.

1-АҢЫЗ. АНТИКОЛЛЕКТОРЛАР МЕНІ ТӨЛЕМДЕРДЕН БОСАТАДЫ

Егер сіз антиколлекторларға жүгінемін деп шешсеңіз, маңызды үш факт:

  1. Сіздің шығындарыңыздың жалпы сомасы коллекторға қарсы қызметтері құнының сомасына артуы мүмкін. Олардың қызметтері ақылы.
  2. Сіз антиколлекторлық мекемеге хабарласқаннан кейін, несие беруші сізге борышкер ретінде сотқа жүгінуі мүмкін. Нәтижесінде сіздің шығындарыңызға мемлекеттік баж сомасы және жеке сот орындаушысы қызметінің құны қосылады (өндіріп алу сомасына байланысты 3% – дан 25% – ға дейін).
  3. Сіздің ісіңіз жеке сот орындаушысына мәжбүрлеп өндіріп алу үшін өткенде, сіздің жағдайыңыз нашарлайды. Жеке сот орындаушылары коллекторларға қарағанда әлдеқайда үлкен өкілеттіктерге ие. Олар борышкер мен оның мүлкі, оның банктік шоттары туралы ақпараттарды өздеріне алдыра алады, шетелге шығуға шектеулер қоя алады, мүлік пен ақшаға тыйым сала алады.

Сіз интернетте жалпыға қол жетімді түрде жарияланған борышкерлер тізіміне кіресіз.

Қорытынды:
Антиколлекторларға жүгіну сізді несиелік міндеттемелерден босатпайды және қарыз мөлшерін азайтпайды.
Сіздің шығындарыңыз артады.
Кредитордың жауап әрекеті сіздің жағдайыңызды едәуір қиындатуы мүмкін.

2-АҢЫЗ. КОЛЛЕКТОР – БҰЛ СҰМДЫҚ. ОНЫМЕН ҚАЛАЙ БОЛСА ДА СӨЙЛЕСУДЕН ҚАШУ КЕРЕК

Коллекторлар Қазақстан Республикасының «Коллекторлық қызмет туралы» Заңын сақтауға міндетті. Бұл заңда коллекторлар бұзуға құқылы емес жұмыс әдістері мен рұқсат етілген тәсілдердің шектері анықталған.

Заң сізді, қаржылық қызметтердің тұтынушысын ретінде қорғайды және коллекторлардың кез келген бұзушылықтар үшін жауапкершілік шектерін белгілейді.

Бірақ, егер сіз, борышкер ретінде, коллектормен байланысудан қаша бастасаңыз, осылайша өз тарапыңыздан заңды бұзсаңыз, керісінше өзіңізге қолайсыздықтар тудырасыз. Сіз оң кредиттік тарихты қалпына келтіру және борышты қайтару бойынша ымыралы шешімін табу мүмкіндігін жоғалтасыз.

Оның үстіне, егер сіздің борышыңыз коллекторларда болса, ал сіз тұрғылықты мекенжайыңызды, атыңызды, тегіңізді, әкеңіздің атын, байланыс ақпаратыңызды өзгертсеңіз және оны коллекторлардан жасырсаңыз, оларға кіріс пен шығыстар деңгейі туралы дәйекті ақпарат бермесеңіз, онда коллекторлық агенттіктен бірқатар сізбен борышкер ретіндегі уақыт шектеулері мен сізбен байланысу санына деген шектеулері алынады.
Коллекторды тыңдағаныңыз жөн. Сабырлы түрде сөйлесіңіз. Сіз сөйлесу процессінің барлығын жазып алуға құқылысыз. Коллекторлық агенттіктің атауы, сізбен сөйлескен қызметкердің ТАӘ мен лауазымы туралы ақпаратты біліп, жазып алыңыз. Бұл коллектор сіздің құқықтарыңыз бен заңды мүдделеріңізді бұзған жағдайда қажет болады.
Ақпаратпен біздің сайтта танысыңыз және бір жағдай туындаса, бізбен байланысыңыз.

3-АҢЫЗ. КРЕДИТТІ ТӨЛЕУДЕН ҚАШЫП ҚҰТЫЛУҒА БОЛАДЫ

Әрине, сіз белгілі бір уақыт бойы мерзімі өткен кредитті төлеуден және коллекторлармен сөйлесуден жалтарып жүре аласыз, бірақ жақын арада, сізді іздеп таба алмағандықтан, кредитор міндетті түрде сізден берешекті өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінеді. Ал, бұл борышты мәжбүрлеп қайтару үшін сізбен жеке сот орындаушылары жұмыс істей бастайды деген сөз.

Егер коллекторлармен немесе кредитормен қолайлы төлем графигі туралы сотқа дейін келісе алсаңыз, жеке сот орындаушылары мұндай келіссөздерді жүргізбейді.

Жеке сот орындаушылар сіздің мүлкіңіз, банктік шоттарыңыз туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, шетелге шығуға шектеулер қоя алады. Олар банктік шоттарды, мүлікке тыйым салуға және борышты мәжбүрлі түрде өтеу үшін оны сауда-саттық арқылы сатып жіберуге құқылы. Сіз интернетте жалпыға қол жетімді түрде жарияланған борышкерлер тізіміне енгізілесіз. Демек, сізде жұмысқа орналасу кезінде кедергілер туындауы мүмкін және жеке сот орындаушысы сатып жіберген мүлікпен қош айтысуды былай қойғанда, ақша аударымдарын жасай алмай және ақша шеше алмай қаласыз.

Егер сіздің кредит бойынша төлем мерзімін ұзақ мерзімге кешіктіріп алсаңыз, коллекторлық агенттікпен байланысқа шығып, мерзімі өткен борыш бойынша ымыралы шешім табуға тырысып көрген жөн. Бұл банктік қызмет көрсетуге қойылған шектеулерді жоюдың алғышарттарын қалыптастырады.

4-АҢЫЗ. БОРЫШ КОЛЛЕКТОРЛАРҒА ТҮССЕ ОНЫҢ СОМАСЫ БОЛЖАМСЫЗ ӨСЕТІН БОЛАДЫ

Қазақстан Республикасының «Коллекторлық қызмет туралы» Заңының ережелеріне сәйкес Борышкерге қатысты коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде кредитор: сотқа оның берешегін өндіріп алу туралы талап қойып жүгінуге; берешек коллекторлық агенттікте жұмыста болған кезеңдегі сыйақыны, қарыз немесе микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссияларды және өзге төлемдерді төлеуді талап етуге, сондай-ақ негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін көрсетілген кезеңге тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есепке жазуға құқылы емес.

Бұл сомалар туралы ақпаратты Сіз коллектордан да, несие берушіден де біле аласыз.

5-АҢЫЗ. КОЛЛЕКТОРЛАР БӘРІН ТАРТЫП АЛАДЫ!

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес коллекторларға төмендегі іс-әрекеттерге тыйым салынады:

  • берешекті өтеу есебіне қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда ақша, сондай-ақ басқа да мүлікті қабылдауға;
  • берешекті ақшадан басқа өзге мүлікпен төлеуді талап етуге.

Демек, борыш бойынша барлық төлемдерді кредитор тарапына жүргізесіз.

Коллекторлық агенттік кредитордан борышыңызды сатып алған және өзі кредитор болған жағдайлар бұған жатпайды. Сонда ол борышты өтеу есебіне ақшаны қабылдауға немесе оны басқа мүлікпен өтеуді талап етуге құқылы.

Егер сіз атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақы, алимент төлемдерін алушы болсаңыз, әлеуметтік төлемдерге арналған арнайы шот ашу үшін банкке жүгінуіңізді ұсынамыз. Бұл шоттар борышты өндіріп алудан қорғалған және сіз бұл қаражатты еркін пайдалана аласыз. Екінші деңгейдегі банктер бұл процедуралар жайлы хабардар.

6-АҢЫЗ. АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН БҰЗАТЫН КОЛЛЕКТОРЛАРҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ШАРА ЖОҚ

Шара бар. Егер коллектор заңсыз әсер ету әдістерін пайдаланатын болса, сіз:

  1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігіне жүгіне аласыз. Борышкер коллекторлық агенттіктің әрекеттері мен әрекетсіздігіне осы ұйымда шағымдана алады және бұл қаржылық қызметтер тұтынушысының заңды құқығы болып табылады. Коллекторлық агенттік тарапынан бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұл уәкілетті орган әкімшілік санкция қолданумен қатар, құқық бұзушыны коллекторлық агенттіктердің тізілімінен шығаруы мүмкін, бұл коллекторлық қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.
  2. Борышкердің уәкілетті органға жүгінуі оны мерзімі өткен қарыз бойынша жауапкершіліктен босатпайтынын есте ұстаған жөн.
  3. Stop-Collector жобасына жүгінгенде біздің қызметкерлер сіз үшін борышты төлеуге арналған қолайлы шешім табуға көмектеседі.
Настройки конфиденциальности
Мы используем файлы cookie для улучшения удобства пользователей нашего сайта. Если вы пользуетесь нашими Услугами через браузер, вы можете ограничить, заблокировать или удалить cookie-файлы с помощью настроек вашего веб-браузера. Мы также используем материалы и программы сторонних производителей, которые могут использовать технологии отслеживания. Вы можете выборочно предоставить ваше согласие на встраивание таких элементов третьей стороной. Для получения полной информации об используемых нами файлах cookie, данных, которые мы собираем и как их обрабатываем, пожалуйста, проверьте следующий документ Политика конфиденциальности
Youtube
Согласие на отображение содержимого из - Youtube
Vimeo
Согласие на отображение содержимого из - Vimeo
Google Maps
Согласие на отображение содержимого из - Google