«Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы»
одақ нысанындағы ЗТБ дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау туралы
ЕРЕЖЕ

 

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 «Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы» (бұдан әрі – «Палата») одақ нысанындағы ЗТБ Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – «ҚР») өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау туралы осы Ереже дербес деректерді жинау, өңдеу, қолдану және қорғау тәртібін, ақпараттың қорғанысының және құпиялылығының кепілдіктерін орнату мақсатында әзірленген.

1.2 Дербес деректер құпия, қатаң түрде қорғалатын ақпарат болып табылады. Дербес деректерді қорғау бойынша міндеттемелер дербес деректерді жинау сәтінен бастап пайда болады, және оларды жою немесе иесіздендіру сәтіне дейін әрекет етеді.

1.3 Ереже Палата Төрағасының бұйрығымен бекітіледі, және дербес деректерге қатынау рұқсаты бар барлық қызметкерлермен орындау үшін міндетті болып табылады.

 

2. ЕРЕЖЕНІҢ МАҚСАТТАРЫ

2.1 Осы Ереженің мақсаттары ретінде болып табылады:

2.1.1 Дербес деректерді өңдеу кезінде Палата қызметкерлерінің, Палатаға жүгінген жеке тұлға-контрагенттердің және жеке тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін қорғау талаптарын қамтамасыз ету, соның ішінде жеке өмірге қол сұғылмаушылыққа, жеке және отбасылық құпияға қатысты құқықтар қорғанысын қамтамасыз ету;

2.1.2. Дербес деректерді пайдалану және олармен жұмыс істеу кезінде Палата қызметкерлерінің, сондай-ақ, үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттерін болдырмау;

2.1.3. Дербес деректерді құрайтын құжатталған және құжатталмаған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету, және дербес деректер субъектілерінің қауіпсіздігіне ықтимал қауіптің туындауын болдырмау;

2.1.4. Алынған дербес деректердің тұтастығын және сақтандығын қамтамасыз ету;

2.1.5. Дербес деректерге қатынау құқығын жүзеге асыру;

2.1.6. Осындай ашып жариялау қандай да бір зиян (экономикалық, құқықтық немесе басқа) келтіруі мүмкіндігіне қарамастан ҚР заңдарымен қорғалатын құпияны құрайтын дербес деректердің үшінші тұлғаларға ықтимал жариялануын болдырмау.

2.2. Дербес деректерді өңдеу қамтиды: жинау, жинақтау; сақтау; өзгерту, толықтыру; қатынау, беру, тарату; иесіздендіру; бұғаттау; жою.

 

3. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӨҢДЕУ МАҚСАТТАРЫ

3.1. Палата төмендегі дербес деректерді жинайды және өңдейді:

3.1.1 Палата қызметкерлерінің дербес деректері – белгілі бір қызметкерге қатысты және онымен еңбек қатынастарын жүзеге асырумен байланысты қажет етілетін ақпарат, бұл ақпаратқа қызметкердің тіркеу деректері туралы, тұрғылықты жері және байланыс деректері туралы, оның жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін қызметкер өмірінің жайттары, оқиғалары және мән-жайлары туралы мәліметтер жатқызылады. Бұл ақпарат қызметтік құпияларға жатады;

3.1.2 Палата контрагенттерінің (жеке тұлғалардың) дербес деректері – жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындау және құқықтарды жүзеге асыру үшін шарттық қатынастарға байланысты Палатаға қажетті контрагенттердің қызметкерлеріне немесе басшыларына қатысты ақпарат;

3.1.3 Палатаға жүгінген жеке тұлғалардың дербес деректері – мерзімі кешіктірілген берешекті реттеу және ол бойынша ақпаратты жинау барысында көрсетілген тұлғалардан олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға көмектесу мақсатында, сондай-ақ, көрсетілген тұлғаларға кеңес беру және олардың қаржылық сауаттылық деңгейін, жалпыға қол жетімді дерекқорларды пайдалану туралы практикалық хабардарлықтарын арттыру мақсатында келіп түскен шағымдарды және өтініштерді қарау үшін Палатаға қажетті борышкерлерге/қарыз алушыларға (олардың туыстарына, жұмыс берушілеріне) қатысты ақпарат:

1.     Сот кабинеті https://office.sud.kz/lawsuit/
2.     Қазақстан Республикасының жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы http://zhso.kz/index.php?view=catalog&cat_id=26
3.     Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің борышкерлердің бірыңғай тізілімі https://aisoip.adilet.gov.kz/debtors
4.     Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі finreg.kz/?docid=3480&switch=russian
5.     Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Ақпараттық қызметі http://qamqor.gov.kz/portal/page/portal/POPageGroup/Services/Su1ap
6.     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web

 

3.2. Дербес деректерді өңдеу төмендегі мақсаттарда жүзеге асырылады:

3.2.1. Еңбек қатынастары саласында – Палата қызметкерлерін есепке алу, олармен еңбек міндеттерін орындау, Палатамен кадр саясатында қолдану үшін;

3.2.2. Контрагенттермен шарттарды жасасу кезінде – Палатамен шарттар бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісті түрде орындау және олар бойынша құқықтарды жүзеге асыру үшін;

3.2.3. Палатаға жеке тұлғалар шағымдармен және өтініштермен жүгінген кезде – жүгінген тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауда жәрдемдесу үшін.

3.3. Өңдеу үшін алынған дербес деректер Палатамен Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.

 

4. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ҚАҒИДАТТАРЫ

4.1. Дербес деректерді өңдеу Палатада заңдылық қағидаттары бойынша жүзеге асырылады.

4.2. Палата, сондай-ақ, қол жетімділігі шектеулі дербес деректерге қатынау рұқсатын алатын уәкілетті үшінші тұлғалар олардың құпиялылығын оларды дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз таратуға тыйым салу, не болмаса басқа да заңды негіздің бар болуы тұрғысынан алғандағы талаптарды орындау арқылы қамтамасыз етеді.

4.3. Қол жетімділігі шектеулі дербес деректер кәсіби, қызметтік қажеттіліктерге, сондай-ақ, еңбек қатынастарына байланысты мәлім болған тұлғалар олардың құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.

4.4. Дербес деректерді өңдеу белгілі бір мақсаттарға қол жеткізумен шектеледі. Дербес деректерді жинау мақсаттарымен үйлеспейтін дербес деректерді өңдеуге жол берілмейді.

4.5. Дербес деректерді өңдеу кезінде дербес деректердің сенімділігі, дәлдігі және жеткіліктілігі, қажет болған жағдайда, оларды өңдеудің мәлімделген мақсаттарына қатысты өзектілігі қамтамасыз етіледі.

4.6. Егер ҚР заңнамасында, сондай-ақ, жасалған шарттардың талаптарымен өзгеше көзделмесе, дербес деректерді сақтау мерзімі оларды жинау және өңдеу мақсаттарына қол жеткізу күнімен анықталады. Егер өңдеу мақсаттарына қол жеткізілсе немесе осы мақсаттарға қол жеткізу қажеттілігі жоғалған жағдайда дербес деректер Палата Төрағасының шешімі бойынша жойылады немесе иесіздендіріледі.

 

5. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУҒА ЖӘНЕ ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМДІ АЛУ ТӘРТІБІ

5.1. Еңбек қатынастарын тіркеу кезінде дербес деректердің субъектісі – Палатаның қызметкері дербес деректерді жазбаша нысанда жинауға, өңдеуге осы Ереженің № 1 Қосымшасына сәйкес сәйкесінше нысанды толтыру және оған қол қою арқылы өз келісімін береді..

5.2. Контрагенттермен шарттық қатынастарда дербес деректер субъектісінің келісімін алу осындай келісімді беру туралы шарттар қамтылған шартқа қол қою арқылы, не болмаса бөлек жазбаша келісімді ұсыну арқылы білдіріледі. Сонымен бірге, орындалмаған міндеттеме бар болған жағдайда субъект дербес деректерді жинауға, өңдеуге қатысты келісімін кері шақырта алмайды..

5.3. Палатаға жеке тұлғалар жүгінген кезде олардың шағымдарын және өтініштерін қарау үшін олардың дербес деректерін жинауға және өңдеуге, сондай-ақ, осы Ереженің № 2 Қосымшасына сәйкес соның ішінде белгіленген нысандағы электронды құжатты электронды түрде толтыру арқылы құпия ақпаратқа қатынауға келісім беріледі..

 

6. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

6.1. Дербес деректердің субъектісі құқылы:

6.1.1. Иесінде және (немесе) операторда, сондай-ақ, үшінші тұлғада өзінің дербес деректерінің бар-жоғын білуге, сондай-ақ, төмендегілерді қамтитын ақпаратты алуға:

– дербес деректерді жинау және өңдеу жайтын, мақсаттарын, көздерін, әдістерін растау;

– дербес деректердің тізбесі;

– дербес деректерді өңдеу мерзімдері, соның ішінде оларды сақтау мерзімдері;

6.1.2. сәйкесінше құжаттармен расталған негіздер бар болған жағдайда иесінен және (немесе) оператордан өзінің дербес деректерін өзгертуді және толықтыруды талап етуге;

6.1.3. егер дербес деректерді жинау, өңдеу шарттарын бұзу туралы ақпарат бар болса, иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ, үшінші тұлғадан өзінің дербес деректерін бұғаттауын талап етуге;

6.1.4. иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ, үшінші тұлғадан оларды жинау және өңдеу Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылған, сондай-ақ, осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген өзге де жағдайларда өзінің дербес деректерін жойылуын талап етуге;

6.1.5. ҚР заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректерді жинауға, өңдеуге қатысты келісімді кері шақыртуға;

6.1.6. иесіне және (немесе) операторға өзінің дербес деректерін дербес деректердің жалпыға қол жетімді көздерінде таратуға келісім беруге (келісім беруден бас тартуға);

6.1.7. Өз құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауға, соның ішінде моральдық және материалдық зиянды өтеуге;

6.1.8. ҚР басқа заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

 

7. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІҢ ҚҰПИЯЛЫЛЫҒЫН ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

7.1. Палата өз қызметі барысында дербес деректерді өңдеу кезінде оларға қатысты заңсыз немесе кездейсоқ қатынау рұқсатынан, оларды жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшірмесін жасаудан, таратудан, сондай-ақ, осы деректерге қатысты басқа заңсыз әрекеттерден барлық қажетті қорғаныс шараларын қолданады. Дербес деректерді жинау және өңдеу олардың қорғалуын қамтамасыз еткен жағдайларда ғана жүзеге асырылады.

7.2. Дербес деректердің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі:

7.2.1. Оларды қорғауға қатысты талаптарды қанағаттандыру үшін қажетті ақпараттық жүйелерде (дерекқорларда) өңдеу кезінде дербес деректердің сәйкесінше қауіпсіздік құралдарын қолдану арқылы;

7.2.2. Дербес деректерге заңсыз қатынау рұқсатын алу жайттарын анықтау және қажетті сәйкесінше шараларды қабылдау арқылы;

7.2.3. Ақпараттық жүйеде (дерекқорда) өңделетін дербес деректерге қатынау рұқсатын алу ережелерін белгілеу арқылы, сондай-ақ, дербес деректермен орындалатын барлық әрекеттердің тіркелуін және есепке алынуын қамтамасыз ету арқылы;

7.2.4. Дербес деректердің қауіпсіздігін және дербес деректер ақпараттық жүйесінің қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шараларды бақылау арқылы.

 

8. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

8.1. Осы Ереже ашық құжат болып табылады және Палатаның веб-сайттарында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.

8.2. ҚР Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу ҚР заңдарына сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтырады.

8.3. Осы Ережеге қосылатын барлық өзгертулер және толықтырулар Палата Атқарушы органының бұйрығымен бекітіледі.

 

Құжатты қазақ / орыс тілінде жүктеу.
Бұйрықты қазақ / орыс тілінде жүктеу.

Настройки конфиденциальности
Мы используем файлы cookie для улучшения удобства пользователей нашего сайта. Если вы пользуетесь нашими Услугами через браузер, вы можете ограничить, заблокировать или удалить cookie-файлы с помощью настроек вашего веб-браузера. Мы также используем материалы и программы сторонних производителей, которые могут использовать технологии отслеживания. Вы можете выборочно предоставить ваше согласие на встраивание таких элементов третьей стороной. Для получения полной информации об используемых нами файлах cookie, данных, которые мы собираем и как их обрабатываем, пожалуйста, проверьте следующий документ Политика конфиденциальности
Youtube
Согласие на отображение содержимого из - Youtube
Vimeo
Согласие на отображение содержимого из - Vimeo
Google Maps
Согласие на отображение содержимого из - Google